Forbes экономикалық журналы ең көп ақы төленетін YouTube-блогерлерін жариялады.

Бірінші орынды 7 жастағы америкалық Райан иеленді. Оның Ryan ToysReview каналы жылына 22 миллион доллар тапқан. Кішкентай Райан ойыншықтарына видеорецензия түсіреді. Оған анасы, әкесі және сыңары көмектеседі. Оқушының 17,3 миллион оқырманы бар.

Forbes рейтингінде екінші орында Джейк Пол тұр. Ол 17,5 миллион адамы бар Jake Paul каналында 21,5 миллион долларға ие болған.

Үштікті Dude Perfect каналының авторы тұйықтап тұр. Онда бес адам түрлі трюктар мен эксперименттер түсіреді. Оны 36 миллион адам оқиды, жігіттер 20 миллион доллар қаржы тапқан.

Сондай-ақ, YouTube желісіндегі табысты блогерлер бестігіне британдық геймер Дэниел Миддлтон (20 миллион оқырман, 18,5 миллион доллар) және швед Феликс Чельберг (72,5 миллион оқырман, 15,5 миллион доллар) кірген.

Дереккөз

Бөлісу