Атырау қаласының шетіндегі өзендердің бірінде балықтардың қырылу фактісі туралы іс материалдары Атырау облыстық полиция департаментіне жолданды, деп ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Еске сала кетсек, Атырау қаласының сыртындағы Перетаск шағын өзенінде балықтардың жаппай қырылып жатқаныжөнінде бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Жергілікті тұрғандар тиісті органға төтенше жағдай туралы хабар берген.

Бұдан кейін Атырауда өзендегі балықтардың қырылу себебін анықтауға табиғатты қорғау прокуратурасы кіріскен еді. Аталмыш жағдайға байланысты бүгін ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлама таратты.

«Осы орайда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары балықтардың қырылған жеріне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде аталған су айдынында жалпы салмағы 1 154 келі қара балық түрлерінің (мөңке – 827 келі, қылышбалық – 160 келі, айнамкөз – 2 келі, табан – 165 келі) қырылып қалғаны анықталды. Бақылау кезінде өлген балықтардың механикалық жолмен жарақаттанғаны белгілі болды», – делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, осы жағдай жөнінде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарланған. Лабораториялық зерттеу жүргізу үшін өлген балықтардың сынамалары алынған.

«Балықтардың қырылу себебі анықталғанға дейін жиналған өлі балықтар «Надежда – 1» ЖШС-ына сақтауға тапсырылды. Балық ресурстарына келтірілген зиян мөлшері 1 110 148 теңгені құрайды. Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Материалдар Атырау облыстық полиция департаментіне жолданды», – делінген комитеттің хабарламасында.

Осы жағдайдан кейін балықтардың қырылу фактілері тіркелмеген. Атырау облысындағы балықтар мекен ететін су айдындарында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр. Лабораториялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша балықтың қырылу себептері туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Спутник табиғи апаттарға мониторинг жасау, ауыл шаруашылығына мониторинг жасау, судың сапасын анықтауға арналған.

Қазақстанның екінші ғарыш аппараты – салмағы 5 келілік KazSciSat 1 кубсаты. Оны «Ғалам» бірлескен компаниясы (LLP Ghalam) құрастырған. Ғылыми наноспутник Жердің магниттік аумағын өлшеуге арналған.

Еске салсақ, Қазақстан Илон Маск зымыранымен жерсерік ұшыратындығы туралы «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин хабарлаған болатын.

Атақты америкалық өнертапқыш Илон Маск SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы.

Дереккөз

Бөлісу