Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» орталығы «Руханият апталығы» аясында Астананың 20 жылдығына орай 28 қарашада «Мемлекеттік тіл – барлық салада» жас мамандар арасындағы жайдарман сайысын өткізді.

Жайдарман ойындары – бүгінде жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған орта.

Бұл шараның басты мақсаты – жайдарманшы танымал жастар арқылы тұтас жас ұрпақты, қоғамды отансүйгіштікке, бірлікке баулу. Сондай-ақ, олардың арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын жан-жақты кеңейту, қазақ тілінде сөйлеудің танымалдылығын арттыру.

Жайдарман кешін Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен жүргізді. Жайдарман сайысына мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар эстрада  жұлдыздары “Ағайынды Жүгінісовтер”  де өнер көрсетті.

Жайдарман сайысына барлық мекемелер арасынан іріктелініп алынған 5 үздік команда өнер көрсетті.

Сайыс қорытындысы:

1-орын:  Еуразия ұлттық университеті “ЕНУ-лықтар”

2-орын: Астана қаласы әкімдігінің құрамасы “1 орын”

3-орын: Қазақстан темір жолы “Нұрлы жол”

“Тіл жанашыры” номинациясы бойынша Көлік және коммуникация колледжі “Жас мамандар”

“Шабытты топ” номинациясы бойынша Бейбітшілік және Келісім сарайы “Пирамида”

“Үздік ойыншы” Нұрдаулет Шертим (Казахи КВН командасының ойыншысы)Бейбітшілік және Келісім сарайы “Пирамида”

Іс-шараға  зиялы қауым өкілдері және қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен жалпы көпшілік көрермен қатарынан табылды.

 

Бөлісу