28 қараша күні Грузияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, кандидат Саломе Зурабишвили алда келеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Грузия Орталық сайлау комиссиясының бейсенбі күнгі мәліметтеріне сүйенсек, сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдердің 91,42% өңделді. Нәтижесінде, Саломе Зурабишвили 59,55% дауыс жинаған. Ал оның бақталасы Григол Вашадзені сайлаушылардың 40,45% қолдаған.

Грузия Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтының арнаулы бөліміндегі ақпаратқа сәйкес, Зурабишвилиге – 1 570 063 адам, Вашадзеге 717 942 адам дауыс берген.

Еске салайық, Грузияда 28 қараша күні президент сайлауының екінші туры өтті. Оған «Грузия арманы» билеуші партиясынан Саломе Зурабишвили және «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясынан кандидат Григол Вашадзе қатысты. ОСК мәліметтеріне қарағанда, сайлаушылардың 56,23% дауыс берген.

Дереккөз

Бөлісу