Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігі айып тұрағына қойылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір полиция әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарғандарды анықтаумен айналысып жатыр. Әкімшілік айыппұлдарын төлемеген жүргізушілердің көліктерін айып тұрағына жіберіледі. Көлік иесі айыппұлын толық өтегенде ғана автокөлігін қайтара алады», – деді қалалық Полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары Еркін Өтегенов.

Осыған байланысты полиция автокөлік иелерін әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.

Айта кетейік, қалада «Борышкер» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Бұл шара  айыппұлы бар жүргізушілерді анықтауға, әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған.

Дереккөз

Бөлісу