Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Бабалар армандап өткен, ақындарға мәңгілік шабыт берген азаттық. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күніне арналған «Азаттық – ұлттың ары, Елбасы – елдің бағы» атты тарихи-танымдық мерекелік іс-шара өтеді.

Театрландырылған қойылымдар, танымдық бейнебаяндар егемендік алған күннен бері қарай жылнамадан сыр шертеді. Танымал ақындар жырдан шашу шашып, белгілі эстрада әншілері өнер көрсетеді.

Іс-шара 27 қарашада сағат 17.00-де Астана қаласы, Жастар сарайында өтеді.

Бөлісу