ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Саратов облысындағы қазақстандық жолаушылар автобусының апаты жөнінде пікір білдірді.

«Қазақстанның Астраxандағы консулы Қанат Шекқалиев бұл оқиға бойынша жедел түрде жергілікті билікпен байланысқа шығып, апаттың мән-жағдайын анықтап жатыр. Бастапқы мәлімет бойынша, автобуста барлығы 7 адам болған. Оның бесеуі қаза тапты, олардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Автобус жүргізушісі мен оның көмекшісі – Қазақстан азаматтары. Олар тірі, жағдайлары ауыр, ауруxанаға жеткізілді», – деп жауап берді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бүгін РФ Саратов облысының Озинский ауданындағы темір жол өтпесінде «Саратов-Орал» рейстік автобусы жүк пойызымен соқтығысты.

Дереккөз 

Бөлісу