Маңғыстау облысында 600 адам Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр, деп хабарлайды Хабар 24 агенттігі.

Әскерге шақыру алғанымен, олар жергілікті әскери басқару органдарына мүлдем келмеген. Іздеу жарияланған азаматтарды табу үшін облыстық қорғаныс департаменті өкілдері мен мен полиция бірлескен шара өткізуде. Рейд барысында олардың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орындары тексеріліп жатыр.

Жалпы, қазір елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Қыркүйектен бері Маңғыстау облысынан әскерге 700 бозбала шақырылса, соның 400-і еліміздің Қарулы күштері қатарына жөнелтілген. Ата заңымызға сәйкес, әскерге шақыртылған 18 бен 27 жас аралығындағы кез келген азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. «Заңды орындамаған жағдайда алдымен әкімшілік, одан кейін қылмыстық жазаға тартылады», – дейді сала мамандары.

«Қазіргі таңда мекенжайы бойынша шақыру қағаздарын апарамыз. Көбі есіктерін ашпайды. Әке-шешелері бізге баласы жөнінде нақты ақпарат бермейді. Бір-екі рет ескертеміз. Заң бойынша азаматтардың тізімін ішкі істер бөліміне береміз», – дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Шынболат Ақмұратов.

Дереккөз

Бөлісу