Алматы-Бішкек тас жолында 4 көлік соқтығысқан жол апатында 29 жастағы жігіт қаза тапты. Ол ауруханаға жетпей көз жұмған, көлік апатынан тағы екі адам зардап шекті.

3 қарашада Алматы-Бішкек тас жолының 27 шақырымында болған көлік апатында 4 көлік бір-біріне соғылған. Toyota Land Cruiser Prado, Mercedes, Mazda және Chevrolet маркалы машиналар соқтығысқан. Қайтыс болған Chevrolet көлігінің жүргізушісі, Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Ал зардап шеккен тағы екі адам Mercedes көлігіндегі жүргізуші мен жолаушысы. Оларды Қаскелең қаласындағы ауруханаға жеткізген.

«Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция басқармасының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Алматы-Бішкек тас жолының 23 шақырымда автобус пен шағын автобус соқтығысып, 21 адамзардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз

Бөлісу