Қостанайлық полицейлер түнгі клубқа бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан 21 жастағы жігітті қамауға алды.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 5 қараша күні сағат 00:00 шамасында болған.

«Қостанай облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне белгісіз біреу облыс орталығындағы түнгі клубтардың біріне бомба қойылғанын хабарлаған. Тексеру жұмыстары кезінде жарылғыш зат табылмады. Жедел-із кесу шаралары кезінде полицейлер жалған ақпарат таратқан 21 жастағы жігітті ұстады», – делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Күдікті сот алдында жауап береді.

Дереккөз

 

 

Бөлісу