«Емханаларды жекешелендіруге қатысты айтар болсам, біз мұндай сценарийді де қарастырып жатырмыз. Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторларға сапаны бағалау талаптары мен индикаторлары әзірленуде. Сондықтан таяу уақытта аталған жобаны жүзеге асыруға кірісетін боламыз», – деді ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, бүгінгі күні елордадағы емханаларды  жекешелендіруге қызығушылық танытып отырғандар бар.

«Қызығушылық бар. Егер бұл іске дұрыс кіріссек, медициналық көмектің жақсы сапасын сақтап, басқарудың дұрыс менеджментін енгізу арқылы барлығына да тиімді жасауға болады. Халық үшін – бұл медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестіктің артуы. Өйткені, пациенттің кез келген уақытта медициналық ұйымды таңдауға құқы бар. Ал бұл медициналық қызметтерді жеткізушілерді үнемі жетіліп отыруға мәжбүрлейді», – деді Камалжан Нәдіров.

Бұған дейін Камалжан Нәдіров елорда тұрғындарының 20 пайызы жеке клиникада, ал 80 пайызы мемлекеттік емханаларға тіркелгенін айтқан еді.

Сондай-ақ елімізде туберкулез дертінен жылына қанша адам көз жұматыны белгілі болды.

Айта кетейік, кеше елордада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясы басталды. Халықаралық жиын қатысушыларына Елбасы Н.Назарбаев видеожолдау жолдады.

Дереккөз

Бөлісу