Тұрғын үй алу үшін денсаулық сақтау, білім, полиция және әлеуметтік қамтамасыз ету саласының жұмысшылары бір миллион теңгеден ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласында көрсетілген сала қызметкерлерінің саны – 37 102 астам, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаждар саны – 16 850 адамды құрайды.

«Табысы төмен отбасылардың тұрғын үй алуы үшін жеткілікті қаражат жинақтауға мүмкіндіктері жоқ. Осыған байланысты, қаланың муниципалды қызметтерінде өңірдің тұрғын үй саясаты іске асыруды көздейтін шаралар әзірленген. Көрсетілген іс-шаралар шеңберінде жоғарыда көрсетілген салалардың қызметкерлеріне 1 миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек (тұрғын үй алу үшін көмек) берілетін болады», – дейді Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының тұрғын үй саясаты бөлімінің бас маманы Айшагүл Сәбитбекқызы.

Көрсетілген 1 миллион теңге қажетті ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна сомасының бөлігін төлеуге жұмсалады. Бұл іс-шара, жоғарыда көрсетілген сала қызметкерлерінің тұрғын үйге мұқтаждар санын азайту, сондай-ақ білікті кадрлар корпусын сақтауға мүмкіндік береді.

Дереккөз

Бөлісу