Қарағанды балалар клиникалық ауруханасына денесі жарақатталған 4 айлық сәби жеткізілді. Одан біршама ауру түрлері табылды. 

«Сәби қазір балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ауруханаға түскен кезде онда гематома түріндегі көптеген дене жарақаттары болды. Дәрігерлер баланы тексеріп, барлық қажетті медициналық процедураларды жүргізді. Қыздан ЖРВИ, тамағының қабынуы, ішектерінің дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ зәр шығару жолдарының инфекциясы табылды. Баланың жағдайы жақсарды, жоспар бойынша оны бөлімшеге ауыстыруы тиіс», – деп түсіндірді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау бөлімінің баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Полиция қыздың денесінде гематоманың пайда болу себебін анықтап жатыр. Өңірлік полиция департаментінде аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Дереккөз

Бөлісу