23-25 қазан күндерііі Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың тек солтүстік-шығыс, шығыс жартысында циклонның өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Ал жекелеген аумақтарда жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Жекелеген аумақтарда оның екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Қарағанды, Ақмола, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

Дереккөз

Бөлісу