Бразилиялық спортшы Роналдо ауырханаға түсіп қалды. Оған пневмония диагнозы қойылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Итальялық БАҚ өкілдерінің жазуына қарағанда, футболшы Ибиц (Испания) аралығындағы жекеменшік клиникалардың бірінде жатыр. Ол сол жерде демалып жүрген. Медициналық мекеменің қызметкерлері Роналдоның пневмония болып қалғанын растады.

Айта кетейік, Роналдо екі мәрте әлем чемпионы және «Интер», «Реал» сынды клубтарда мықты ойындар көрсеткен.

Дереккөз

Бөлісу