Индонезияның Ломбок аралында болған жойқын жер сілкінісінен кемінде 19 адам мерт болды, деп хабарлайды France-Presse агенттігі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Индонезияның Ломбок аралында тербелісі 6,6 балдық зілзала болды. Жер дүмпуінің ошағы Матарам қаласынан (319 мың тұрғыны бар) солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырымда тіркелді. Ол 10 шақырым тереңдікте болған.

Дереккөз

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Бөлісу