Грекияда алапат орман өртінен қаза тапқандар саны 50-ге жетті, деп хабарлайды GreekReporter.

Қызыл Крест құтқарушылары сейсенбі күні таңертең Шығыс Аттиканың Мати елді мекеніндегі Аргири Акти жағажайының маңынан тірідей өртенген 26 адамның денесін тапты. Жергілікті билік органдары да бұл ақпаратты растаған. Құрбандар – сол маңдағы үйлердің тұрғындары болуы мүмкін, болжамдарға қарағанда, олар тілсіз жаудан қашып, теңізде жан сақтамақ болған, бірақ жете алмай жанып кеткен.

Қазір 156 адам ауруханада жатыр, соның 11-і жансақтау бөлімінде.

Күшті жел басылды. Шығыс Аттиканың Мати, Рафина, Каламос және Вутзас елді мекендеріндегі өрт сөндірілген. Дегенмен, өрт сөндірушілер әлі де қауіптің жойылмағанын айтады.

Грекия президенті Прокопис Павлопулос елде аза тұту күнін жариялап, бүгін атап өтілуі тиіс демократияның тіктелу күніне (1974 жылғы 24 шілде) арналған шаралар кейінгі қалдырды.

Дереккөз

Сурет AFP 2018 Valerie Gache сайтынан алынды

Бөлісу