сурет ғаламтордан алынған

Лондондағы мешіттердің бірінде пітір садақа криптовалюта түрінде қабылдана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Қасиетті Рамазан айында адамдар өзінің кірісінен 2,5 пайызды құрайтын зекетті енді биткоин немесе эфир түрінде бере алады. Мешіт өкілдері мұндай пітір садақадан 10 мыңдай фунт стерлинг жинайтынына үмітті. Қаржы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, ғимараттарды жөндеу сияқты қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады. Ал адамдар мұндай жаңашылдыққа қарсы еместерін айтуда.

«Биткоин өзге валюталардан кем емес. Кей адамдар оны ақша түрінде пайдаланады. Біз алыпсатарлықпен айналыспаймыз. Мешіт халыққа қызмет етеді. Ең бастысы адамдардың мүддесі», – дейді мешіт имамы Абдалла.

«Биткоин немесе эфирі бар азаматтар үшін оларды доллар болмаса фунт стерлингке айырбастау қиынға түсер. Мешіт бұл мәселені өз мойнына алады. Оларды аударушы қажетті түймешені басып, мешіттің криптоәмиянына аударса жеткілікті. Бұл мешітке пітір садақаны әлемнің түкпір-түкпірінен аударуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті блокчейн бойынша кеңесші Лукас Мусиал.

Ақпарат көзі: inform.kz

Бөлісу