сурет ғаламтордан алынған

Парижде 22 жастағы мигрант жігіт биік қабатты үйдің балконынан құлайын деп тұрған баланы құтқарды, деп жазады СNN.

Малиялық жігіт Мамуд Гасссамдің көз лестірмес уақыттың ішінде сақтандыру белдігінсіз төрт қабат биіктікке көтеріліп, балконнан құлайын деп тұрған баланы көтеріп алды.

Осы оқиғадан кейін Францияның президенті Эммануэль Макрон Елисей сарайында батыл Мамуду Гасссамумен кездесіп, оған Францияның азаматтығын беруге уәде етті. Оны алғыс хатпен де марапаттады.

Сондай-ақ, Мамуд Гасссам Францияда өрт сөндіруші болып жұмысқа алынбақ.

Айта кетейік, Мамуд Гасссамдің баланы құтқару сәтін бейнелейтін видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары оны «өрмекші адамға» теңеп жатыр.

Ақпарат көзі: inform.kz

Бөлісу