сурет ғаламтордан алынды

Қазақстанның бірқатар қалаларында Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктері ашылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді айтты.

«Қосымша консулдық бекет ашу немесе елшілік орналастыру – бұл осы жерде аталған дипломатиялық мекемелері бар мемлекеттің ерікті құқығы. Өзбекстанның жаңа басшылығы елшілігін Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылдады. Ал Алматыда Бас консульдық жұмыс істейтін болады», – деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Өзбекстан сыртқы істер министрлігімен аталған елдің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерін одан ары кеңейтуге қатысты келіссөздер жүргіліп жатыр.

«Біз өз тарапымыздан елшіге және Бас консулдыққа мұндай аккредитацияға рұқсат бердік. Ішкі істер министрлігінің ұсынысымен өзге қалаларда да дипломатиялық өкілдіктерді кеңейту мүмкіндігі туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Мұхтар Тілеуберді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Бөлісу