сурет ғаламтордан алынды

Оңтүстік және Солтүстік Кореяның ресми өкілдері осы айдың соңында өтетін тарихи саммит қарсаңында екі мемлекет басшыларының телефон байланысын орнату мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.

Келіссөздер Солтүстік Корея аумағында өтті.

«Шұғыл желі» ашылған соң, Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тікелей 27 сәуірде өтетін саммит қарсаңында телефон арқылы сұхбаттасады. Ол Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы үшінші саммит болады.

Тараптар қауіпсіздік және БАҚ мәселелерін, сондай-ақ 18 сәуірдегі жеке кездесу аясындағы хаттаманы талқыламақ. Келесі аптада өтетін жоғары деңгейлі отырыста алдағы саммиттің күн тәртібі белгіленеді.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик осы саммитке байланысты Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға сапары кейінге қалдырылғанын жеткізген болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz

Бөлісу