сурет ғаламтордан алынған

Қостанайлық полицей көңілдесін өлтіріп, өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертең Қостанай қаласында полиция қызметкеріне қатысты қайғылы оқиға болды. Жалдамалы пәтерде полиция қызметкері қызғаныштың кесірінен көңілдесін пышақтап өлтірді. Осыдан кейін өзі балконда асылып қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алмас Садубаев.

Ақпарат көзі: inform.kz

Бөлісу