сурет ғаламтордан алынған

ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Фукусима экологиялық қауіпсіздік орталығы (Жапония атом энергиясы агенттігі) Атом көлінің айналасындағы мәселе және оны ғылыми-шаруашылық мақсатта пайдалану жөніндегі бірлескен жобаны бастады. Бұл туралы «Казахстанская правда» газеті жазды.

Жасанды көл бұрынғы Семей полигоны аумағында жерасты ядролық жарылыстардың негізінде Шаған және Ащысу өзендерінің сағасында 1965 жылы пайда болған еді.

Сынақтар нәтижесінде тереңдігі – 100, диаметрі 400 метрден асатын көлшік қалыптасты.

Алдағы уақытта  бірлескен топ жасанды көлде көптеген зерттеулер жүргізбек. Атап айтқанда, нысан аумағында жасанды радионуклидтердің таралу сипатына, әртүрлі ауа райы жағдайында оның атмосфераға енуіне қатысты мәліметтер алынып, басқа да жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. Алынған деректер негізінде, Атом көлі аймағындағы экологиялық жағдайдың халыққа және қоршаған ортаға әсері бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.

Ақпарат көзі: inform.kz

Бөлісу