Елімізде жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтілуде,-деп хабарлайды “Алаш ақпарат” медиа порталы синоптиктерге сілтеме жасап.

Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген аудандарында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа-райын ұстап тұрады. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып, қар әлі де болады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 ° C-тан төмен болады деп күтілуде.

Бөлісу