Сурет ғаламтордан алынған

“Қазгидромет” РМК өкілдері 2017 жылдың 17-19 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

“Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген аудандарында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып, қар әлі де болады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градустан төмен болады екен.

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz

Бөлісу