Нұртөре Жүсіп («Ақ жол Қазақстан» газеті), Қали Сәрсенбай («Алматы ақшамы»), Бауыржан Омаров, Мақсат Тәж-Мұрат, Самат Ибраим («Ана тілі») секілді қазақ журналистикасындағы менмін деген редакторлардың тәжірибесін көрген, республикалық «Ана тілі» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарған, бүгінге дейін ел басылымы «Егеменнің» Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болып, 7 жылдай бір облыстың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген Ержан Байтілесті жаңа қызметімен құттықтаймыз.

Ержан Байтілес 2016 жылы кезектен тыс өткен сайлауда Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына сайланып, журналистикадан бөлек қоғамдық жұмыстарға да етене араласып келе жатқанына 2 жыл болыпты.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясына Төрағаның жаңа орынбасары келді, үлкен өзгерістердің болатынын, партияның қоғамдағы рөлі, беделі артатынын айтып отыр.

Ендеше Ержан бауырымыз осы бір оң өзгерістерге өз үлесін қосып, қызметін ойдағыдай атқарады деп сенеміз! Сәттілік!

Ақпарат: Берік Уәлидің фэйсбук парақшасынан алынды.

Бөлісу