ⒸLife.ru

Артық салмақтан арылудың жолын іздеген ғалымдар 46 зерттеудің қорытындысын шығарды. Зерттеуге 1184 адам қатысқан. Қатысушылардың орташа салмағы – 65 келі. Бұл жайында  Life.ru. жазады.

Минутына бір орында отырған адаммен салыстырғанда қозғалыста жүрген  адамның бойынан 0,15 килокалория бөлінеді. Алты сағат қозғалыста жүрген адамның бойынан 54 ккал жоғалады. Ғалымдардың айтуынша, дәл осындай қалыппен төрт жылдың ішінде он келіден арылуға болады.

Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек,  қозғалыссыз бір орында отыру семіздік пен диабетке әкеліп соғады. Сонымен қатар жүректің жұмысын бәсеңдетеді.

Мамандар диета ұстап салмақ тастағаннан гөрі қимыл қозғалыста жүріп артық салмақтан арылуға болатынын айтып отыр.

Ақпарат көзі: Қамшы.кз

Бөлісу