Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Қайрат Құдайбергенов Алматы қалалық Мәслихат депутаты болып сайланды.

Дәл осындай лауазымға «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстан – 2050» бағдарламасын қолдау қорының президенті Қасымов Ерболат та кірісті. Қос үміткерді «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филалында кезектен тыс өткен 21-отырысында партиялықтар бір ауыздан қолдады, деп хабарлайы Алматы арнасы.

Бас қосу барысында, Қоғамдық кеңес төрағасы  Рахман Алшанов нақты іске көшу керектігін айта келе, Алматыда оқып жүрген тәлімгерлердің қара алтын өнімдерін қадағалайтын арнайы электронды жүйе ойлап тапқанын айтты. Сондай-ақ оқу орындарының бағдарламасы жұмыс берушінің бағдарламасына сай еместігін ретке келтіру керектігін де сөз қылды.

«Оқу орындарының бағдарламасы жұмыс берушілердің бағдарламасына сай болу керек. Екеуінің арасында алшақтық бар. Қазақ Британ Университетінде жақсы «ситуациалық» орталық ашқан екен. Ол Атыраудан  шыққан бензиннің бүгін қай жерде қай уақытта құйылды, қай жерге жетті, қайда келе жатыр, қай бекетте сатылып жатыр дегендей», – деді  Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов.

Нұр Отандықтар Алматының ауасына да алаңдайтындықтарын ашып айтты. Сол үшін де газбен жүретін автобустардың санын арттыру үшін қызу жұмыс істеп жатыр екен. Одан бөлек, қала ішіне қосымша 1 мыңнан астам бейнебақылау камерасын орнатуды қолға алыпты.

«200 автобусқа біз арнайы автобустық парктің жобасын жүзеге асыруға дайынбыз деп айтуға болады. Осы жылдың соңына дейін автобустық парктің жұмысын аяқтауға мемелкеттік комиссиядан өткізуге мақсатымызды қойып жатырмыз. Қалада 1 мыңнан астам камера қоюды жүргізіп жатырмыз. Осы жылы бастап, келе жылға дейін бітіруді қолға алудамыз», – деді «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ төрағасы  Мұхит Әзірбаев.

Жариялағанstan.kz
Бөлісу