Түркия мұсылмандарына сол қолмен тамақ жеп, су ішуге тыйым салынды.

Бұл туралы Түркияның Дін істері жөніндегі басқармасы мәлімдеді. Онда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадисі келтірілген. Хадисте: «Сол қолмен тамақтануды құптамас едім. Өйткені сол қолмен шайтандар тамақтанады» делінген.

Мұсылман ата-аналарға балаларын кішкене күнінен бастап оң қолмен тамақтануға үйретуге кеңес берді. Адамның кемістігі болып, оң қолмен жеуге икемі келмеген жағдайда ғана сол қолмен тамақтануға рұқсат етіледі.

Былтырғы жылы да басқарма ерекше қаулы шығарған. Онда әйелін әпкем не анам деп таныстырған ер адамның әйелімен ажырасқан деп есептелінетіні айтылған.

Сонымен қатар күйеулері телефон не пошта, факс арқылы талақ айтып әйелдерімен ажыаса алатыны айтылған. Ол үшін күйеуі 3 рет талақ сөзін жазуы керек. Ал әйелі бұл сөзді күйеуінің жазғанынына көз жеткізуі керек.

Ислам дінінде адамның оң және сол бөлігіне назар аударылады. Таза заттарды оң қолмен ұстауға, лас заттарды сол қолмен ұстауға мән беріледі. Киімді оң жақтан бастап киюге, мешітке оң аяқпен кіруге негізделеді.

Жариялағанstan.kz
Бөлісу