“Мұхтар Тайжанмен аралас-құраластығым да, өкпе-ренішім де жоқ. Бірақ маған мына нәрсені айтыңыздаршы. Неге бізге жерге байланысты «соңғы жаңалықты» Мұқтар Тайжан айтып жатыр және неге біз оны соның аузынан ғана естуіміз керек? Халықтың алдына шығып, жерге байланысты заңды жер-жебіріне жеткізіп тұрып түсіндіріп беретін шенділер жоқ па, әлде ол «мандатты» олар Мұқтарға «берген» бе? Неге Мұхтар билік пен бұқараның арасында дәнекер болуы керек? Кім оған (бір адамға) осындай «өкілет» беріп отырған? Биліктегілер өз-өзін жаманатты қылып жатыр!”

Жолымбет Мәкіш өзінің фейсбук парақшасында осылай деп жазыпты. “Рас-ау!” дедік. Ойландық.

Мынадай бір Сөз бар екен: ЕҢ ТӘТТІСІ – АҚИҚАТТЫ ЕСІТУ,-деген.

Ендеше, Мұхтар Тайжан аталмыш жаңалықтарын (Жолымбет меңзеп отырған) өзі бірінші болып естіп, халық игілігі үшін айтып жүр ме?

Әлде, оған біреу естіртіп, билік игілігі үшін айтып жүр ме?

P.S. Мұхтар Тайжанның азаматтығына айтар уәжіміз жоқ. Біз тек Жолымбеттің желідегі жазбаларына пікір жаздық.

Бөлісу