Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанның Ресей алдындағы мемлекеттік қарызын реттеу туралы келісімнің хаттамасын ратификациялады. Құжат құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Қарызды кешіру туралы келісімге 2017 жылдың тамызында екі елдің қаржы министрлері қол қойған. Бұл туралы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресейге сапары барысында Владимир Путиннен сұраған. Құжатты ратификациялау Қырғызстанның Ресей алдындағы 240 миллион долларын түбегейлі кешіру дегенді білдіреді. Бұл ақшаны 2012 жылы да қайта реттейміз деген келісім болған.

Ол кезде тараптар 488,9 миллион доллар қарызды төлеудің жаңа шарттары туралы келіскен. 2013 жылдың мамырында Ресей Қырғызстанның 188,9 миллион долларын кешірді. Қалған 300 миллион долларды 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен қайтару керек болған. Мұнымен қоса, Қырғызстан осы несиенің пайызын төлеп келді. 2017 жылы Қырғызстан Ресейге 7,98 миллион доллар үстемақы төледі.

Қырғыз тарапы Ресейден қарызды кешіру туралы сұрады. Өйткені бұл мемлекеттің Жалпы ішкі өнімдегі қарыздық жүктемесін айтарлықтай төмендетті. Қырғызстанның мемлекеттік қарызының 6,5 пайызы ресейлік қарызды өтеуге жұмсалды. Ал кешірім мемлекет қарызын ЖІӨ 60,6 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.

Құжатта қарызды кешіру Ресейге зардабын тигізбейтіні туралы жазылған. Себебі 2016 жылдан кейін мемлекет бюджетіне қарыз бойынша түсім қарастырылмаған.

Жариялағанbaq.kz
Бөлісу