Египетте Гиза үстіртінен 4400 жыл бұрын көмілген әйел адамның мазары табылды. Қасында үш үлкен пирамида орналасқан.

Мамандардың айтуынша, мәйіт Хатхор құдайының абызы Хетапетке тиесілі. Мазардың қабырғалары ежелгі Египеттегі тұрмыс-тіршілік бейнеленген суреттермен безендірілген. Жергілікті билік көне жәдігерлерді сол қалпында сақтау мақсатында ішіне тілшілер мен басқа да қонақтарды кіргізбей отыр.

Халед Эль-Энани, Египеттің ежелгі және мәдени мұра істері жөніндегі министрі: 

– «Гиза үстірті инспекциясындағы» әріптестерім бұл жерде 2017 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп жатыр. Табылған мазар біздің заманымыздан 2400 жыл бұрын көмілген. Яғни оған 4400 жыл.

Жариялаған www.24.kz
Бөлісу