Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады,-деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кейбір аймақтарында көктайғақ, бұрқасын соғады. Жел екпіні 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облысының бірқатар аумағында 15-20 м/с болатын жел тұрады.

Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 18 м/с жетеді.

Бөлісу