Атышулы “Қалаулым” бағдарламасын әзілге қосқан “Алдараспан” театры жұртты қыран-топан күлкіге қалдырды. Нұржан Төлендиев бастаған ұжымның жаңа қойылымы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қалаулым” бағдарламасы жарыққа шыққан күннен бастап елді шулатты. Тіпті, бірқатар қоғам белсенділері аталған шоуды жабуды талап етті. Мәдениет министрлігі “Қалаулымды” тексеріске аламыз” деп уәде бергенімен, әлі күнге дейін бұл даудың нүктесі қойылмады.

Әрі-беріден соң “Қалаулымды” отандық театрлар да қойылымға арқау ете бастады. Белгілі “Алдараспан” театры атышулы жоба жайлы қойылымды көрермен назарына ұсынды.

Бөлісу