Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне арналған эткалық кодекс құрастырылды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлады.

Онда қызметкерлердің істеуіне болмайтын әрекеттердің тізімі де бар.

Енді мемлекеттік қызметкерлерге мына әрекеттерді істеуге тыйым салынады:

-туысқандығы бар ағайындылардың мемлекеттік қызметте яғни  бір жерде жұмыс істеуіне;

-интернетте ойына келгенін жазуға, өз парақшасында құпия немесе басқа да жабық ақпараттарды жариялауға;

 өз парақшаларында көңіл көтеру орындары мен шетелде түскен суреттерін көрсетуге;

-конституциялық құрылысты өзгертіп, сепаратизм мен егемендіктен бас тартуға шақыратын адамдармен дос болуға;

 қымбат көліктердің алдында түскен суреттерін де жариялауға;

Этика кодексі 2 бөлімнен, 40 беттен тұрады. Онда авторлар әдепке жатпайтын іс-әрекеттер мен мәдениетті қалыптастыру әдісін мысалдар арқылы түсіндірген.

Кодекстегі ережелерді бұзған қызметкер құқық бұзушы ретінде сөгіс алады немесе жұмыстан шығуға дейін барады.

Жариялағанstan.kz
Бөлісу