“Аяғым ұшып қолыма түсті. Оны сөмкеме салып алдым. Тілегім, жүрегім ағам мен інім деп соққаннан кейін, “ағам аман болсын, Бека, Бека” деп айқайлай бердім. Оны көпшілікке көрсетпеуге тырыстым. Ерке қыз болдым. Қазір артқа қарап, мені тәрбиелеген қандай дархан халық деп ойланамын. Етегімді қолыммен жауып, аяғымды сөмкеге салып жасырып, оны көліктің артына тығып үлгердім. Себебі алдымызда үлкен автобус келе жатты, іші толған ер адам. Соларға көрсетпеу мақсатында ішіме кіріп кеткен темірді суырып алдым. Оның бәрі қызумен болған құбылыс. Сол кездегі тілегім әкем мен ағама қан көрсетпеу. Ол менің кереметтігім емес, тәрбие”, – деп ағынан жарылды Тамара.

Көпшілік Тамара жол апатына дейін тұрмысқа шыққан деп ойлайды. Алайда әншінің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Ағам үшін аяққа тұрдым. Себебі рөлде сол болды. Ағамның еңсесі түспесін дедім. Самат ол кезде қиын жағдайға түсіп, хабар ала алмаған. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Ал мен оны осындай жағдайға түскенімді естіп, келмей жатыр деп ойладым. Жарты жылдан кейін мені анасы іздеп келді. Жағдайдың бәрін көрді, қайтадан араласып бастадық. Мені орнымнан тұрғызған махаббат. Ол маған: “Көресің әлі, ұл туасың, қыз туасың”, – дейтін”, – деп еске алды Тамара Асар.

Бөлісу